You are here

Кәсіптік білімнің қолжетімділігі қылмыстың деңгейін төмендетеді

Printer-friendly versionPDF version

phys.org, 27.07.2016

Мельбурн университетінің зерттеуіне сәйкес заңбұзушылықтың деңгейі, атап айтқанда есірткімен байланысты қылмыстар, кәсіптік білім және оқыту 16-44 жастағы азаматтардың басым бөлігіне қолжетімді болғанда, мемлекетте айтарлықтай азаяды. 

Зерттеу нәтижелері есірткімен байланысты қылмыстар және заңбұзушылық деңгейі қатысушыларға ТжКБ қолжетімді болғанда, сәйкесінше 13% және 16%-ға кемігенін көрсетті.  

Қатысушы респонденттердің арасында кәсіптік және техникалық білім 26 және одан да ересек жастағы әйелдерге жағымды әсер етті. 

Сонымен қатар зерттеудің нәтижелері ересек халықтың кәсіптік білімге тартылуы қылмыстық тәртіптің алдын-алуда анағұрлым нәтижелі екенін де көрсетті. Бұл кәсіптік білімді алғандардың кең мүмкіндіктерді пайдалануға және заңды жұмыс орындарын табуға анағұрлым бейімді келетінімен байланысты.