You are here

Қырғызстанда білім сапасына зерттеу өткізілді

Printer-friendly versionPDF version

Газета.KG, 08.06.2016

Қырғызстанда білім сапасын зерттейтін CAPSA (Central Asia Program for Student Assessment) халықаралық зерттеуі өткізілді. 

Зерттеу Қырғызстанда 2015-2016жж. мемлекеттік мектептердің 4-сынып оқушыларының арасында өткізілді. Оған елдің барлық аумақтарындағы 164 оқу мекемесінің 4026 оқушысы қатысты. қатысушылардың 50,5%-ы – ер балалар және 49,5%-ы — қыз балалар болды. Іріктелген мектептердің 70%-дан астамы - қырғыз тілі оқытатын ауыл мектептері.  

Математика тапсырмаларын қамтитын Бірінші кезең, жалпылай айтқанда, қырғыз мектептері, орыс тілінде оқытатын мектептермен салыстырғанда, осы пәнді жақсы оқытатынын көрсетті.  

Қырғыз тілінде оқытатын мектеп оқушылар, орыс тілінде оқытатын мектептермен салыстырғанда, математикадан төмен нәтиже көрсеткендерден 3%-ға кем, математиканы орташа деңгейде білетіндерден 3%-ға артық және оны үздік білетіндерден 1,5%-ға артық. Бірақ бұл статистиканы негізінде қала мектептері қамтамасыз етеді. 

Сонымен қатар, зерттеу қыз балалар математиканы ұл балалардан артық білетінін көрсетті. Олардың арасында нәтижесі төмен оқушылар 5%-ға кем және жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар 3%-ға артық.

Оқушылардың мәтінді оқу және түсіну дағдыларын бағалау қырғыз тілінде оқытатын мектептердің оқушылары бұл дағдылар базалық деңгейдегілерден 7%-ға артық екенін көрсетті. 

Дегенмен орыс тілді оқу мекемелерінің балалары материалды 6%-ға артық түсінеді. Қала мектептерінің нәтижелері базалық деңгейден асатын оқушылардан 4,1%-ға артық және ауыл мектептеріндегі жоғары деңгеймен салыстырғанда 4,5%-ға артық.

Мәтінді оқу және оқыған материалды пайдаланудан қыз балалар озады. Олардың арасында үлгерімі төмен оқушылар 11,5%-ға кем, ал деңгейі өте жоғары және базалық деңгейден жоғары қыздар саны 10,9%-ға артық.

Сонымен қатар, зерттеу ата-анасынаң екеуі де шетелде жұмыс істейтін балалардың математика мен мәтінді оқудан ең төмен нәтиже көрсететінін дәлелдеді. Оқушының өзінің жеке үстелінің болмауы оқу үлгерімін 2 есе төмендетеді. 

Мектептердің 41,5%-ында оқулықтар мен басқа материалдар жепіспейді, 25,3%-ы мүлдем ештеңені қажет етпейді.

Зерттеу Неміс халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қауымдастықтың (GIZ)  "Орталық Азиядағы білім беру жүйелерінің реформасы" атты аумақтық бағдарламасы шеңберінде өткізілді. Зерттеуді жер-жерде кішігірім ұлттық топтар - Қырғызстан, Қазақстан, Тәджікстан және Түркменстанның білім министрліктері, Ұлттық тестілеу орталықтары, Білім институттары мен Академияларының өкілдері өткізді.