You are here

Қырғызстанда туылғаннан 3 жасқа дейінгі балалардың ерте дамуы бойынша бірыңғай стандарттар әзірленді

Printer-friendly versionPDF version

CA News, 22.11.2016

Қырғызстанда Денсаулық сақтау және білім министрлігінің және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) мамандары туылғаннан 3 жасқа дейінгі балалардың даму стандарттарын ұсынды.

Ата-аналар мен мамандар стандарттарды белгілі жастағы бала дамуының қалаулы деңгейін нақты түсіну, оқу және даму процесінде тиімді қызметті жоспарлау және іске асыру үшін пайдалана алады.

Стандарттар (оның индикаторлары) ерте жастағы балалар дамуының негізгі салаларын: дене, ақыл-ой, сөйлеу және әлеуметтік-эмоциялық даму; баланың осы индикаторларға қол жеткізуін бағалау құралдарын және баланың дамуы туралы мамандар мен ата-аналарға арналған ұсыныстарды қамтиды.

Ақпараттың барлық ағыны жас кезеңдері бойынша бөлінген: 0-ден 6 айға дейін, 6 айдан 1 жасқа дейін, 1 жастан 2 жасқа дейін және 2 жастан 3 жасқа дейін.

Келесі жылдан бастап әрбір жаңа туған нәресте мен оның ата-анасы республиканың барлық перзентханаларында бала дамуының күнделігін алады деп жоспарланды.