You are here

Қырғызстандықтар мектептердің шығындарын онлайн-карта арқылы бақылай алатын болады

Printer-friendly versionPDF version

Клооп Медиа, 11.02.2016

Қырғызстанның Білім министрлігі білім беру мекемелерінің шығындарын бақылауға болатын мектептердің онлайн-картасын әзірледі. Қазіргі кезде карта тесттік режимде іске қосылды және мектептер туралы базалық ақпаратты қамтып отыр. 

Білім министрі Эльвира Сариеваның айтуынша, бұл картаны жасау қажеттілігі ата-аналардың мектептердегі "ресми емес төлемдері" туралы шағымдарынан кейін туындады. Оқушылардың ата-аналары мектеп туралы ақпарат, соның ішінде бюджеттік қаржы туралы мәліметтер жабық болғанына наразы болды.  

Қазір сервисте облыс пен аймақтағы саны, номері, мекен-жайы, оқушылар мен мұғалімдер саны, жылумен қамтамасыз ету жүйесі, ғимараттың жағдайы, жобаларға қатысу, негізі қаланған күні, қаржыландыру, жиһаз саны, жалпыреспубликалық тестілеудегі (ЖРТ) оқушылардың жетістіктері сияқты мектеп туралы ақпараттар бар.  

Анықтама үшін: Жалпыреспубликалық тестілеу (ЖРТ) — Қырғызстанның ЖОО-ларына түсетін барлық талапкерлер үшін міндетті емтихан. ЖРТ Қырғызстанда 2002ж. бастап өткізіледі. 

Білім министрлігі құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстары және мемлекеттік қаржыландыру туралы ақпаратты толықтырып отырады. 

Қазіргі кезде мектептердің картасы Білім министрлігінің сайтында тесттік режимде жұмыс жасайды. Министрлік ресурсты жақсарту туралы комментарийлер мен кері байланысты қабылдауға дайын.  

2016ж. соңына дейін оған балабақшалар, ЖОО және басқа да білім беру мекемелері туралы ақпарат та қосылады.