You are here

Қытай қашықтықтан білім беруге жұмсалатын шығыстар бойынша көшбасшы бола бастады

Printer-friendly versionPDF version

hightech.fm, 11.02.2017

Docebo электронды оқытудың ең ірі қызмет көрсетуші қашықтықтан оқытуды дамыту туралы «E-learning market trends and forecast 2017-2021» атты есебін жариялады

Сарапшылардың болжамдары бойынша, мобильдік оқытуға жұмсалатын шығыстар 5 жылда шамамен үш еселеп, 2020ж. қарай $38 млрд. дейін жетеді (1-сурет). Бұл кезекте пайдаланушылар eLearning-тен анағұрлым сапалы қызметтерді алады. Білім беру қызметтері мен платформалар қаныққан нарықта бәсекелестікке түсуде. Олар анағұрлым тиімді интерфейстер мен құралдарды әзірлеуге және ең жаңа технологияларды пайдалануға мәжбүр.  

Сарапшылар 2017ж. өзінде-ақ Қытай АҚШ-ты қашықтықтан оқытуға жұмсайтын жылдық шығыстары бойынша озады, ал 2019ж. бірінші орынды алады деп күтеді. Қытайдың көп тұрғыны сенімді жқ\ұмыс орындардағы бәсекелестік салдарынан емтихан мен тестілеуге кәсіптік дайындыққа төлеуге әзір.

1-сурет.

Мобильдік оқытуға жұмсалатын шығыстар ($ млрд.)

Солтүстік Американың қашықтықтан оқыту секторындағы нарығы әлемдегі ең үлкен болып табылады. Оның кірістер 2016 жылы $23,3 млрд. құрады.

Азия қазір бұл секторда екінші орында тұр. Бұнда кірістер көлемі 2016 жылы $10,9 млрд. болып бағаланды. Мобильдік оқытудың әлемдік кірісі – $46,6 млрд.