You are here

Қытай орта біліммен қамтуды кеңейтеді

Printer-friendly versionPDF version

Ecns.com, 07.04.2017

Қытайдың Білім министрлігі 2020ж. қарай орта біліммен қамту көрсеткішін 90%-ға дейін арттыру жоспары туралы хабарлады. 2016ж. ел бойынша бұл көрсеткіш 87,5%-ды құрады.

Жоғары мектеп оқушыларын жалпы қамту артқанымен, батыс және орталық Қытайдың кедей мектептерінде білім беру ресурстарының жетіспеушілігі әлі де бар, бұл орта кәсіптік білім беруді дамытуды бәсеңдетеді. 

Министрлік жақында жариялаған жоспарға сәйкес, жақын арадағы екі жарым жылда (2020ж. дейін) Қытай орта кәсіптік білім беруді дамытуға және мектептегі ресурстар мен білімді қаржыландыру тетіктерін жетілдіруге бағдар алады.

Кедей өңірлердегі мектептерге және денсаулығында кемшіліктері бар балаларға, сонымен қатар, жалпы алғанда әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардан шыққан балаларға және иммигранттардың балаларына қаржыландыруда басымдықтар беріледі.