You are here

Қытай студенттерінің 90%-ы жекеменшік бизнесті іске қосуға дайын

Printer-friendly versionPDF version

hightech.fm, 30.12.2016

Қытай халық университетінің сауалнамасына сәйкес Қытайдағы студенттердің 28%-ы оқуды жекеменшік бизнесті басқарумен бірге атқарады немесе олардың өз ісін ұйымдастыру тәжірибесі болған екен.

Зерттеу бүкіл елдің 1767 университеті мен колледжінің 430 мың студентін сұрауға негізделген. Сауалнамаға қатысқандардың небәрі 10,2% ғана өз бизнесін бастағысы келмейтінін айтты.

Бастаушы кәсіпкерлер үшін басты қозғалтқыш факторлар арманы мен еркіндігі болып табылады. Сұралғандардың 37% астамы өз өмірін және жұмыс кестесін өздерінің бақылағысы келетінін, ал 20% астамы өз армандарына қол жеткізуге талпынатынын айтты.

Цинхай Университетінің 28 жастағы түлегі Вон Чуньшэн «ақ жағалылар сияқты кеңседе сағат бойы отырғысы келмейді». Чуньшэн студент бола тұра, өз ісін екі рет бастаған болатын. Екінші талпынысы, жазылыс үлгілі төлеммен фитнес-блог, оған дылына $143, 7 мың кіріс әкеледі.

Newjincin Зерттеу институтының атқарушы директоры Чжан Цзинсюдың айтуынша, студенттерді өз ісін бастауға ынталандыратын бірқатар шаралар бар. Мысалы, бизнес пен оқуды қоса атқаруға мүмкіндік беретін икемді білім беру жүйесі. Студенттер және олардың ата-аналары стартаптарды тәуекел емес, мүмкіндік деп санайды. Алайда, студенттер мен жоғары сынып оқушылары автоматтандырудың салдарынан қосымша табыс табатын жерлерді таба алмай жүр. Роботтар, әдетте, жастарға жұмыс беретін қоймалардан, бөлшек сауда дүкендерінен және жылдам тамақтану кафелерінен жұмысшыларды ығыстырып жатыр.