You are here

Қытай: жоғары білімнің қолжетімділігін кеңейту сабақтары

Printer-friendly versionPDF version

Times Higher education, 29.07.2016

Линнань Университетінің (Қытай) ғалымдары елдегі жоғары білімнің "массификациясының" жастар арасындағы теңсіздікке әсері туралы зерттеу өткізді. Зерттеудің мақсаты түлектердің Қытайда жұмысқа орналасуына және әлеуметтік оралымдылығына қандай факторлар әсер ететінінің атықтау болды.

Халықаралық зерттеулер жоғары білім қолжетімділігінің тез кеңейтілуі ЖОО түлектеріне Еуропа, Солтүстік Америка және Шығыс Азияда жұмысқа орналасу және әлеуметтік оралымдылық жағынан теріс әсер еткенін көрсетті. АҚШ-қа қатысты, бакалавриат түлектерінің 48%-ы анағұрлым төмен біліктілікті талап ететін лауазымдарды алады. Бұндай жағдай Ұлыбританияда да байқалады. 

Қытайдағы зерттеудің нәтижесі жоғары білім қолжетімділігінің кеңеюімен түлектер мен олардың отбасыларының жұмыс табудағы әлеуметтік байланыс ролінің өскенін көрсетті. Өз кезегінде, отбасының мәдени капиталы мен экономикалық ресурстарының шарасы болып табылатын әкесінің білімі мен кәсіби мәртебесі түлектер табыстылығының маңызды факторы болып табылады.

Ғалымдар бұны ЖОО түлектері отбасыларының жұмыс іздеуге анағұрлым белсенді тартылуымен түсіндіреді. Жұмыс туралы жай ғана ақпарат ұсынудың орнына түлектердің отбасылары жұмысқа алу процесіне белсенді қатысады. 

Студенттердің сауалнамасы да олар отбасыларын жұмысқа орналасуға әсер ететін маңызды факторларының бірі ретінде қарастыратынын көрсетті.