You are here

Қытай ЖОО түлектерінің рекордтық санын шығарады

Printer-friendly versionPDF version

The Conversation, 10.04.2017

А.ж. қытайлық ЖОО-лар 8 млн. астам түлек шығарады (АҚШ а.ж. екі есе аз түлектер санын шығарады). Бұл көрсеткіш 1997ж. түлектердің санынан шамамен 10 есе артық.

Екі онжылдық бұрын жоғары білім Қытайда мемлекеттің қалалық элитасының сирек артықшылығы болатын. 1999ж. бәрі өзгерді, бұл кезде мемлекет жоғары біліммен қамтуды кеңейту бағдарламасын іске қосты. Осы жылдың өзінде-ақ ЖОО-ларға қабылдау 50%-ға артты және жыл сайынғы өсім келесі 15 жыл бойы сақталған болатын.

Техникалық мамандықтар студенттер санының өсімі техникалық мамандарды шығару жөніндегі мемлекеттік саясаттың нәтижесі болды, өйткені оларға инновациялардың дамуы тәуелді болды. Сонымен қатар, студенттердің барлық бағыттар, соның ішінде гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бойынша жалпы саны артты.

2013ж. Қытайда "жұмысты іздеудің тарихта бұрын болмаған ең күрделі кезеңі" басталды. Оған қоса, 2017ж. Қытай, 2013ж. қарағанда, 1 млн. артық түлек шығарады. Қытайдың өткен жылдардағы әрбір төртінші түлегі жұмысшы мигранттың орташа жалақысынан төмен жалақы алатын. Ең төмен жалақы мен жұмысқа орналасудың ең төмен деңгейі "Тарих", "Құқық" және "Әдебиет" мамандықтарының түлектерінде байқалды. ІТ мамандықтар түлектерінің жалақысы ең жоғары болды. Бұған Қытайды технологиялық индустрияның көшбасшысына айналдыруға бағытталған «Made in China 2025» мемлекеттік стратегиясы ықпал етті.

ЖОО түлектер санының артуына қарамастан, қытайлық жұмысберушілер біліктілігі жоғары мамандарды іздеуде қиындықтарға тап болады. Түлектерге коммуникациялық, аналитикалық және басқарушылық дағдылар сияқты "жұмсақ" дағдылар жетіспейді.