You are here

Қытайда ата-аналар балаларын ағылшын тілін меңгеруге ерте жастан беруге дайын

Printer-friendly versionPDF version

China Daily, 13.11.2016

Қытайда ата-аналар балалары ерте жастан бастап ағылшын тілін үйренуге анағұрлым көп қызығушылық танытып отыр. Жақында өткізілген зерттеуге сәйкес ата-аналардың 88%-ы балаларын ағылшын тілін үйренуге 5 жасқа толмай беруге дайын екен.

Зерттеуді First Leap ағылшын тілінің білім беру интситуты өткізді. Сауалнамаға 1500 ата-ана қатысты. Ата-аналардың жартысынан астамы (65,2%) ағылшын тілі оның баласына болашақта керек болады деп санайды, 61,8% - ағылшын тілі оның баласына жұмысқа орналасқан кезеде анағұрлым көп мүмкіндіктер беретініне сенімді. Сонымен қатар, анағұрлым ірі әрі дамыған қалаларда ата-аналар, анағұрлым ұсақ елді-мекендерде тұратын ата-аналарға қарағанда, балаларын ағылшын тілін оқуға ертерек береді екен.

Зерттеудің нәтижелеріне сәйкес, ата-аналардың басым бөлігі үшін балаларының ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеруі және тілді күнделікті өмірде қолдануы өте маңызды. Өз кезегінде, ата-аналардың көбі баласының нені жаттағаны және ағылшын тілін қаншалықты жақсы білетіні туралы ештеңе білмейді екен.