You are here

Қытайда бағдарламалау «жаңа ағылшынға» айнала бастады

Printer-friendly versionPDF version

Hightech, 30.05.2017

Қытайда білім беру деңгейі мен азаматтардың техникалық сауаттылығын арттыруға тырысып жатыр. Ірі корпорациялар курстарды іске қосса, үкімет бастауыш және орта мектептерде ғылыми сыныптарды ашу жөнінде заңдар шығарып жатыр. Олар елдің инновациялық даму келешегінің  негізі болады.

Соңғы айларда Қытайда Dash роботы өте танымал бола бастады. Ол негізгі мобильді алаңдармен үйлесімді, балаларға бағдарламалау негіздері мен алгоритмдік ойлау қабілетіне үйренуге мүмкіндік береді. Құрастырушылардың пікірінше, компьютерлік алгоритмдерді әзірлеу қабілеті ағылшын тілінің аналогына айналып барады. Ағылшын тілі әлемнің әр түрлі елдерінің адамдарымен байланысуға, ал бағдарламалау кез келген машиналарды түсінуге мүмкіндік береді.

Білім беру және инновацияларға берілу толқынында Қытайға өз білім беру бағдарламаларымен LEGO дат бренді келді. Компания өзінің бірінші бағдарламаларын 2010 жылы жайғастыра бастады. Бүгінгі күні 6000 астам мектеп қытайлықтардың жас буыны арасында робототехниканы насихаттап, ынтымақтасуда. LEGO-ның курстарында балалар үш жастан бастап білім алады.

Қытайда балалар жастайынан нақты ғылымдарды және робототехниканы үйрену қажеттілігі туралы пікір одан әрі нығаюда. 3 жаста емес, орта мектепте алгоритммен және бағдарламалаумен айналыса бастағандар бәсекелестіктегі басымдықтан айырылып қалғаны ықтимал деп есептеледі.