You are here

Қытайда білім саласында алғашқы жалғыз мүйізді стартап пайда болды

Printer-friendly versionPDF version

hightech.fm, 31.05.2017

Қытайда білім беру саласында жалғыз мүйізді алғашқы білім беру стартапы Yuanfudao жобасы пайда болды. Yuanfudao құны миллиард доллардан астам бағаланады. Стартапқа осы аптада $120 млн. инвестиция салынды. Оның үш қосымшада тіркелген 160 млн. пайдаланушысы бар.

Анықтама үшін: "Жалғыз мүйізді" термині қаржы саласына венчурлік капиталист Айлин Ли (Aileen Li) 2013ж. енгізді. «Жалғыз мүйізді» деп ол $1 млрд. астам тұратын стартапты атады. Жалғыз мүйізді стартаптардың негізін қалаушыларының анағұрлым басым санын шығаратын ЖОО-лар туралы №103 Дайджесттен оқыңыз http://iac.kz/ru/events/obzor-mezhdunarodnyh-novostey-obrazovaniya-vypusk-no103-26032017-16042017

Білім беру стартаптарына бұрынғыдай оңай емес — 2015ж. деректер бойынша олардың тек 5%-ы ғана пайда табады, ал жүздеген басқа жобаларды жабуға тура келді. Алайда, iResearch деректеріне сәйкес, Қытайда онлайн білім беру нарығы 2018 жылға қарай $30 млрд. құрайтын болады. Бұл 2015ж. салыстырғанда шамамен екі есе артық.

Сарапшылар бір-екі жылдан кейін Қытай АҚШ-тың қашықтықтан оқытуын шығыстар бойынша озады, ал мобильді оқытудың бүкіл нарығы 5 жылда үш еселеп, елде 2020ж. қарай  $38 млрд. дейін жетеді деп болжамдайды. Сонымен қатар, 2020ж. қарай Қытайда барлық STEM әзірмелердің 37%-ы өткізілетін болады деген болжам бар. 

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, білім беру технологиялары - инвестициялар үшін ең тиімді сектор. 2015ж. төртінші тоқсанында білім беру технологиялары инвестициялардың айтқысыз мөлшерін алды, алайда, edtech ғаламтор, заттар, таза энергетика және басқа перспективалы салалардан әлі де артта қалып отыр.