You are here

Қытайда бұқаралық ашық онлайн курстарда білім алушылар саны 10 млн адам болды

Printer-friendly versionPDF version

thepienews, 30.11.2016

 Қытайда бұқаралық ашық онлайн курстарда (Massive Open Online Courses) білім алатын студенттердің саны соңғы екі жылда 7 есе артты (2014ж. – 1,5 млн. адам).

Алайда зерттеудің нәтижелері Қытай ЖОО мен колледждердің 90% әлі де бұқаралық ашық онлайн курстардың платформалары болып табылмайтынын анықтады. Сапалы онлайн курсты әзірлеу үшін айтарлықтай технологиялық және адами ресурстар керек.  

Пайдаланушылар сауалнамасының нәтижелері 61% онлайн курстарды алуға мүдделі және 44% онлайн курстардың дипломын алғысы келетінін көрсетті. 

Қазіргі таңда қытайлық онлайн курстарға арналған анағұрлым кең таралған тақырып - Қытайдың гаокао деп аталатын бірыңғай қабылдау емтиханына дайындық. Университет алды бағдарламалардың және ТжКБ бағдарламаларының модульдік курстары да бұқаралық сұранысқа ие.