You are here

Қытайда халықаралық мектептерде оқу бағдарламаларын реттеудің жаңа ережелері енгізіледі

Printer-friendly versionPDF version

Pie News, 24.11.2016

Жаңа заңға сәйкес Қытайдың халықаралық коммерциялық мектептерінің оқу бағдарламалары ұлттық жүйемен анағұрлым біріктірілген болу керек. Бұл Қытайдың барлық азаматтары үшін міндетті болып табылатын 1-9 сынып оқу оқушыларының бағдарламаларына қатысты. 

Атап айтсақ, оқушыларға Қытайдың тарихы, географиясы және саясаты, сонымен қатар қытай тілінен сабақ беріледі. Сонымен қатар, жекеменшік мектептердің оқушылары 9-сыныпты аяқтағаннан кейін ұлттық емтихан тапсыру керек болады.

Мектептерге бұл пәндерді 2017 жылғы қыркүйекке дейін енгізу керек. Жаңалық тек шетел азаматтары білім алатын мектептерге ғана енгізілмейді. 

Жаңа заңды кейбір мүдделі тараптар сынады, өйткені бұл оқушылардың халықаралық емтиханға дайындалуға анағұрлым аз уақыты болатынын білдіреді.