You are here

Қытайда онлайн кәсіптік білімді дамыту туралы баяндама жарияланды

Printer-friendly versionPDF version

Business wire, 11.04.2016

Қытайда 2020 жылға дейін онлайн кәсіптік білімді дамыту жөнінде баяндама жарияланды. 2015 жылы елдің онлайн кәсіптік біліміне 4 млрд.-тан астам юань ($600 млн.-нан астам) жұмсалды.

Қаражатты жыл сайын 20%-ға артып отыру жоспарланып отыр. 

Онлайн кәсіптік білімге деген сұраныстың артуы елде интернетті пайдаланудың дамуымен байланысты. Білікті кадрлардың даярлануына бағытталған жұмысберушілер ерекше қызығушылық танытады.  

Баяндама негізгі бағыттарды: Қытайда кәсіптік білімнің онлайн платформаларын дамыту, өнеркәсіп саласындағы орта буынды мамандықтардың сұранысы мен ұсынысы, онлайн кәсіптік білімге жұмысберушілерді белсенді тарту, Қытай онлайн кәсіптік білімнің келешегін жоспарлауды қамтиды. 

Осылайша, онлайн кәсіптік білім ҚХР-ді қажетті кадрлармен қамтамасыз етудің белсенді жолдарының бірі болады.