You are here

Қытайда жетекшілерге арналған МВА бағдарламасының жаңа ережелері қабылданды

Printer-friendly versionPDF version

PIE News, 10.05.2016

Келесі жылдан бастап, қытай және шетел бизнес мектептері ұсынатын Executive MBA (ЕМВА) жетекшілерге арналған МВА бағдарламасына оқуға түсетіндер қабылдау емтиханын тапсыруға міндетті болады. 

ЕМВА бағдарламаларына студенттерді олардың жеке бағалауы негізінде қабылдауға рұқсат берілмейді. ЕМВА бағдарламасы бойынша оқуға  үміткерлердің әрқайсысы ұлттық қабылдау емтиханын тапсырады.  

Сонымен қатар, сабаққа қатысу мен сабақ үлгерімін қатаң қадағаланады. Оқуға түсуге үміткерлер олардың жеке қабілеттері мен қасиеттерін, сонымен қатар саяси хабардарлығын бағалау мақсатында сұқбаттан да өтеді.

Жаңа талаптар оқытудың сапасын жетілдіру және неғұрлым оқу ақысын негіздеуді енгізу мақсатында енгізіледі. Олар МВА мен ЕМВА ішкі бағдарламаларға да, қытай-шетел ұлтаралық білім беру орталықтары үсынатын бағдарламаларға да әсер етеді. 

MBA және ЕМВА бағдарламалары олар 2002ж. Қытайда пайда болғаннан бастап әйгілі болды. Оларды "байлар клубы" деп жиі атайды және жемқорлық үшін сынға алады. Студенттердің көбісі ЕМВА оқуын пайдалы қарым-қатынастар жасау алаңы ретінде қабылдайды және оқу ақысының  $100 мыңға дейін жететініне қарамастан, орынды деп санайды. 

2014ж. жемқорлыққа қарсы кампанияның шеңберінде үкімет шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың жетекшілеріне ЕМВА дәрежесін алу үшін бюджеттік қаражатты қол тыйым салды.