You are here

Қытайда жоғары білімнің қолжетімділігін кеңейту наразылық тудырды

Printer-friendly versionPDF version

University World News, 15.06.2016

Қытайдың 24 қаласының бай тұрғындары көшеге шығып, кедей халқы үщін жоғары білімнің қолжетімділігін жеңілдететін реформаға қарсы наразылықтарын білдірді. 

Елдің ең беделді оқу орындары дамыған ірі қалаларда (Пекин, Шанхай және Нанкин) орналасқан, ал онша дамымаған аймақтардағы жоғары білімнің сапасы ондай жоғары емес. Кез келген университетке түсуге мүмкіндік беретін жалпы емтихандардың нәтижесінде студенттердің көбісі тұрғылықты орнына жақынырақ орналасқан жоғары оқу орнына  түсуге тырысады.

Қытай билігінің бастамасымен жақында жергілікті талапкерлердің санын қысқарту есебінен шалғай провинцияның студенттеріне үздік жоғары оқу орындарынан 140 мың орын ұсыну жоспарланып жатыр. 

Наразылық білдіру акциясына болашақ студенттердің ата-аналары қатысты, олардың көбі балаларын университетке түсіруді ерте жастан бастап жоспарлайды. Пекинде ата-аналар билік атына ресми арыз жазды, бұнда келуші студенттерді жергілікті қала тұрғындары деп санауға болмайды, сондықтан олардың университеттегі орындарын жергілікті талапкерлерге беру керек деп атап көрсетілді.