You are here

Қытайдың билігі әлемдік деңгейдегі 16 университетті құру жоспары туралы жариялады

Printer-friendly versionPDF version

China.org, 18.01.2017

Қытайлық билік Бейжің мен Шанхайдың шегінен тысқары орналасқан бірнеше провинцияда 2030ж. дейін 16 көшбасшы университетті ашу ниеттері туралы жариялады.

Тунцзи университетінің зерттеушісі Ю Луджанг жинаған деректерге сәйкес, 21 провинция жоғары білім беруді дамыту саласындағы 5-10 жылдық бағдарламалық құжатты жариялады. Олардың жоспарларына сәйкес әлемдік деңгейдегі 10 университет 2020 жылға қарай жұмыс істей бастайды. 2030ж. дейін олардың саны 16-ға дейін жетеді.

Сонымен қатар, бұл өңірлерде 110-нан астам жоғары деңгейдегі университеттің негізі қаланады. 11 провинция қаражат салуға дайын екенін хабарлады, олардың жиыны 40 млрд. юаньді құрайды ($5,8 млрд).

Қомақты салымдар таланттарды тартуға және тиісті білім беру ортасын құру үшін заманауи құрал-жабдықтарды сатып алуға көмектеседі.