You are here

Қытайға оралатын шетелдік ЖОО түлектерінің зор үміттері шындықпен жанаспайды

Printer-friendly versionPDF version

Pienews, 17.08.2017

Қытайды зерттеу және жаһандану Бейжің орталығы zhaopin.com жұмыс іздеу сайтымен бірлесіп өткізген сауалнаманың деректері сәйкес жергілікті еңбек нарығын және корпоративтік үрдістерді жеткілікті дәрежеде түсінбеу шетелдік білім алған Қытай жастарының көбісіне қиындық туғызады.

Сауалнамаға қатысқан 1 821 адамның 66%-ы олар Қытайдағы заманауи корпоративтік үрдістерді түсінбегендіктен, анағұрлым аз бәсекеге қабілетті екендігін атады. Сонымен қатар, шетелдік ЖОО-лардың түлектері өздерін осал күйде сезеді. Солардың көбісі компаниялар жаңа қызметкерлерді белсене қабылдап жатқан мерзімді кешіктіріп алады және Қытайдағы өмірге қайтадан бейімделе алмайды. 

Сарапшылар шындықпен жанаспайтын үміттерге байланысты көңілдері қалды деп есептейді. Респонденттердің 70%-ына жуығы анағұрлым көп табыс табуға үміттенген. Тек 1%-ы ғана үміт еткен еңбекақыдан жоғары алады, 30%-ында кірістері үміттеріне сәйкес келеді. 

Қытайға шетелдегі оқудан қайтып келетін студенттер санының артуына байланысты (2016ж. 432,5 мың, 2015ж. 409,1 мың) шетелдік дәреже еңбек нарығында анағұрлым бәскеге қабілетті жай-күйге кепілдік бермейді. Қайтып оралғандардың жартысына жуығы (48,4%) Қытайда білім алған қатарластарымен салыстырғанда өздерін анағұрлым бәсекеге қабілетті деп санайды. Сонымен қатар, Қытайда білім алған түлектер, әдетте, мансаптың басында еңбекақысы төмен жұмысты орындауға дайын тұрады.

Студенттердің жартысынан астамы (54%) олар оқу саласымен "әбден сәйкес келетін", 28,6%-ы «сәйкес келмейтін» және тек 16,9%-ы ғана толығымен сәйкес келетін жұмысты орындайды деп жауап берді.

Қытай ЖОО түлектерінің арасында ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру да шетелде білім алған мамандардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.