You are here

Латвия ата-аналарының 85%-ы мектептегі оқудың алты жастан басталуына қарсы

Printer-friendly versionPDF version

Delfi, 14.11.2016

Латвия ата-аналарының 85% Білім және ғылым министрлігінің Заңға балаларды мектепке алты жасынан бастап оқыту туралы жоспарлаған өзгерістерді қолдамайды. 

Ата-аналардың 55% өзгерістердің мәнін, енгізу механизмдерін және бала үшін қандай артықшылықтардың барын түсінбейтінін мойындайды. Бұндай деректер "Ата-аналар білім үшін" және "Латвия жекеменшік бастауыш мектептерінің қоғамы" қауымдастықтары өткізген сауалнаманың барысында алынды.

Оқуды алты жасынан бастауға ата-аналардың 15% ғана оң пікір білдірді. Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың басым бөлігі (63%) баланың мектепке баратын жасы биологиялық жаспен емес, психологиялық тұрғыдан дайын болумен анықталады деген пікірмен келіседі.

Ата-аналардың баланы мектепке алты жасынан беруге қарсы болудың негізгі себебі - алты жасар бала мектеп ортасына және қарқынды ырғаққа дайын болмауы. Сонымен қатар, осы жастағы балаға қозғалыс пен ойынға негізделген оқыту ортасы керек, ол назарын ұзақ ұстай алмайды және партада ұзақ отыра алмайды. Ата-аналар да осы жаста бала әлі де дербес емес, өз-өзін күте алмайды, үй тапсырмасын өз бетімен орындай алмайды, денешынықтыру сабағында киімін ауыстыра алмайды деп санайды.

Сауалнама қатысқан ата-аналардың тек 18% ғана жоспарланған өзгерістердің мәнін түсінетінін көрсетті. 

Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 75%-ы мектептің қазіргі инфрақұрылымын алты жасар балаларды оқыту үшін арнайы бейімдеу керек деп санайды. Респонденттердің 2%  бұл жаңалықты инфрақұрылымды өзгертпей-ақ енгізу мүмкін екеніне сенімді.