You are here

Латвия БҒМ жалпыға ортақ білім беру туралы Заңды өзгертуді ұсынады

Printer-friendly versionPDF version

BaltNews.lv, 13.07.2017

Білім және ғылым министрлігі жалпыға ортақ білім беру туралы заңға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Өзгерістер кең ауқымды және олар балтық ресрубликаның орта білімінің әртүрлі тұстарына қатысты.

Бірінші кезекте, министрлік мектепке қазіргі 7 жастан барудың орнына 6 жастан баруды қайтармақшы. Оқу бағдарламасы алты жастағы оқушылардың қажеттіліктеріне бейімделеді деп жоспарланып отыр. Балаларды 6 жастан тек осы бағдарламаны ұсынатын білім беру ұйымдары ғана оқытады. Бағдарлама 2009-2011 жылдары сынақтан сәтті өтті, енді оны бүкіл ел бойынша тарату жоспарланды. 

Латвияда бастауыш, негізгі және орта мектептер ғана қалады деп жоспарланып отыр. Кешкі және арнайы мектептер барлық балаларға күндізгі оқуды ұсынады немесе жалпы білім беретін мектептермен біріктіріледі немесе жабылатын болады. Ерекше білім беру қажеттіліктерімен балалар барлық қалған балалармен бірге білім алатын болады. Министрлік елдің 21 өңірлік орталықта 2 мемлекеттік гимназиядан қалдырады. Гимназия мәртебесін алуға қойылатын талаптар жоғарылатылады, осылайша осы білім беру ұйымдарының беделділігі ерекшеленеді.