You are here

Латвияда 6 жылда шетелдік студенттердің саны 4 есе артты

Printer-friendly versionPDF version

Vesti.lv, 13.02.2017

Латвияда шетелдік студенттердің саны 2010 жылдан (1949 адам) 2016 жылға дейінгі мерзімде (8137 адам) төрт есе артты.

Ағымдағы оқу жылы Латвияда 108 мемлекеттен келген шетелдіктер білім алады. Шетелдіктердің арасында Германия (1182), Өзбекстан (1057), Үндістан (750), Ресей (630), Швециядан (369) келген білім алушылар бар. Шетелдік студенттердің білім алушылардың жалпы санына пайыздық арақатынасының үлесі 10%-ға тең.

П.Страдынь атындағы Рига университеті (1837), Рига техникалық университеті (1670) және Латвия Университеті (831) шетелдік студенттердің арасында анағұрлым танымал.

8137 шетелдік студенттің 6314 дәреже алу үшін (бакалавр және магистр), 1823 адам алмасу бағдарламасы бойынша білім алады. 

Шетелдік студенттер ЖОО-ларға қолайсыз жергілікті демографиялық үрдістерді оқушылардың саны бойынша да, қаржылай жағынан да жартылай өтеуге көмектеседі. Олардың басым бөлігі анағұрлым қымбат бағдарламалар бойынша білім алады, мысалы, медицина саласында.

Олар мемлекеттің экономикасына да айтарлық үлес қосады. Әрбір 10 шетелдік студент Латвияда 2,7 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Білімнің экспортынан түсетін кіріс кем дегенде €148 млн. құрайды.