You are here

Латвияда мұғалімдер еңбекақысы жүйесінің реформасы құпталды

Printer-friendly versionPDF version

ИА REGNUM, 05.06.2016

Латвияның Үкіметі Білім және ғылым министрлігі үш жыл әзірлеген мұғалімдердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесін мақұлдады. 2016 жылғы 25 сәуірде жаңа білім министрі еңбекақы төлеудің үлгісін ұсынды, мұғалімдік ставкаға қазіргі €420 ең аз төлемақының орнына €680 төлеу қарастырылады. Қаржы жетіспеушілігінен бұндай еңбекақы бір уақытта білім берудің барлық деңгейлеріне енгізілмейді.

Осылайша, 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап орта білім беру, қызығушылықтар жөніндегі білім беру, сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру салалары мұғалімдерінің еңбекақысы жоғарылайды,  бірақ олардың еңбекақысы бастапқыда €620 дейін, ал бір жылдан кейін €680 дейін жоғарылайтын болады. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіптік білім беру саласы мұғалімдерінің ставкасы жоғарылайды, ал ЖОО және колледж оқытушыларының еңбекақысы үш жыл ішінде жоғарылайтын болады. 

Реформа мұғалімдер мен оқушылар санының пропорциясын жоғарылатуды да қарастырады. Жалпы білім беретін мектептерде апталық ставка 30 сағатты құрайтын болады, ал кәсіптік білім беру мен қызығушылықтар жөніндегі білім беру салаларында ол төменірек болуы мүмкін. Мектепке дейінгі білім беру саласының мұғалімдері, оқу орындарының басшылары, әдіскерлер, интернат мұғалімдері, оқу орындарының кітапханашылары және басқа мамандар үшін ставка аптасына 40 сағатты құрайтын болады.