You are here

Әлем Дүниежүзілік мұғалімдер күнін атап өтуде

Printer-friendly versionPDF version

oecdinsights.org, 05.10.2016

Мұғалім күнінің қарсаңына ЭЫДҰ қызметкерлері ел дамуындағы оқытушылық қызметтің маңыздылығын тағы бір рет атап өтті. 

ЭЫДҰ зерттеулері дәлелдегендей, құзыретті және ынталандырылған мұғалімдер үздік әлемдік білім беру жүйелерінде басты рольді атқарады. Бүгінгі жағдай ЭЫДҰ елдері мұғалімдерінің 68%-ы әйел екенін көрсетті. Шамамен барлық мұғалімдердің (90%) жоғары білімі бар. Он мұғалімнің алтауы өзінің оқытушылық қызметінде оң үрдістер болғанына сенімді. Барлық дерлік оқытушылар (90%) біліктілікті арттыру курстарынан тегін өтті. Дегенмен, олардың АКТ және инклюзивті білім беру салаларында құзыреттіліктерін арттыру керек.

ЭЫДҰ мұғалімдерінің сыныптарында орташа есеппен 24 оқушы бар, уақытының 80% оқытуға арнайды. Қалған уақыт оқу процесін ұйымдастыруға (10%) және әкімшілік тапсырмаларды орындауға кетеді.