You are here

Әлем университеттері Шанхай академиялық рейтингінің нәтижелері жарияланды

Printer-friendly versionPDF version

shanghairanking.com, 15.08.2017

Әлем университеттерінің Шанхай академиялық рейтингінің (ARWU) көшбасшысы кезекті рет, оны 15 рет басшылық еткен Гарвард университеті болды. Стэнфорд университеті өткен жылғыдай екінші орынға ие болды. Кембридж университеті Массачусетс технологиялық институтын және Берклидегі Калифорния университетін артта қалдырып, үздік әлем университеттерінің ішінде  үшінші позицияға көтерілді. Алғаш рет рейтингтің топ 100-дігіне Нидерландыдан Эразм Роттердамский атындағы Университет және Ұлыбританиядан Кардифф университеті кірді. 

2017ж. рейтингтегі университеттердің саны бойынша АҚШ (135), Қытай (57) және Ұлыбритания (38) алда тұр.

Рейтинг алты көрсеткішті қамтиды, соның ішінде Нобель немесе Филдсов сыйлығымен марапатталған түлектері мен қызметкерлерінің саны, дәйексөз жиі келтірілетін ғалымдардың саны, Nature және Science журналдарында жарияланған мақалалар саны және ашық қолжетімді басқа да объективті көрсеткіштер. Жыл сайын рейтингте 1,3 мыңнан астам университет бағаланады және солардың ішінен 500 үздігі іріктеледі.

Алғаш рет рейтингтің Топ 20-на Сент-Луистегі Вашингтон Университеті кірді (20-орын). Континенталдық Еуропада көшбасшы орынға Цюрих Швейцария жоғары техникалық мектебіне тиесілі (19-орын). Азия ЖОО-ларының ішінде анағұрлым жоғары бағаға Токио университеті ие болды (24-орын). Алғаш рет Топ 50-ге Цинхуа Университеті кірді (48-орын), ол Токио (24-орын) және Уиот (35-орын) университеттерінен кейін үздік азиялық ЖОО-лардың үштігіне енді. Мұхит ЖОО-ларының ішінде Мельбурн университеті көшбасшы болды (39-орын).

Ресейдің атынан Шанхай рейтингінде биыл, өткен жылғыдай, үш ЖОО өкілдік етті. Топ–500-ке Новосібір мемлекеттік университеті кірді («401-500» дәрежедегі позиция). Мәскеу мемлекеттік университеті (93-орын) және Санкт-Петербург мемлекеттік университеті («301-400» дәрежедегі позиция) өз позицияларын ұстап қалды.

«5-100» ресейлік ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жобаның жобалық кеңсесінде ММУ, СПбМУ және НМУ ұсынылған рейтингте анағұрлым мықты тұсы  Science Citation Index – Expanded (жаратылыстану және нақты ғылымдар бойынша дәйексөз келтіру Индексі) және Social Sciences Citation Index (қоғамдық ғылымдар бойынша дәйексөз келтіру Индексі) жариялымдардың саны болып табылатыны атап өтілді. 2016ж. рейтингтің нәтижелері туралы №81 Дайджесттен оқыңыз.

Әлем университеттерінің Шанхай академиялық рейтингінің Топ-10

2017ж. орын

2016ж. орын

ЖОО атауы

Мемлекет

  1.  

1.

Гарвард университеті

АҚШ

  1.  

2

Стэнфорд университеті

АҚШ

  1.  

4.

Кембридж университеті

Ұлыбритания

  1.  

5.

Массачусетс технологиялық институты

АҚШ

  1.  

3.

Берклидегі Калифорния университеті

АҚШ

  1.  

6.

Принстон университеті

АҚШ

  1.  

7.

Оксфорд университеті

Ұлыбритания

  1.  

9.

Колумбия университеті

АҚШ

  1.  

8.

Калифорния технологиялық институты

АҚШ

  1.  

10.

Чикаго университеті

АҚШ