You are here

Әлем университеттерінің Шанхай академиялық рейтингінің нәтижелері жарияланды

Printer-friendly versionPDF version

Times Higher Education, 15.08.2016

Әлем университеттерінің Шанхай академиялық рейтингінің (ARWU) көшін 14-рет Гарвард университеті бастады. Екінші орында, өткен жылғыдай, Стэнфорд университеті тұр. 3 және 4 орынды сәйкесінше Берклидегі Калифорния университеті және Кембридж университеті алды. 2016 жылы рейтингке қатысқан университеттердің саны бойынша АҚШ  (137), Қытай (54), Германия (38) және Ұлыбритания (37) көшбасшы болды.

Рейтинг алты көрсеткішті: Нобель немесе Филдс сыйлығымен марапатталған түлектер мен қызметкерлерінің саны, дәйексөз жиі келтірілетін ғалымдар саны, Nature және Science журналдарында жарияланған мақалалардың саны және ашық түрде қолжетімді басқа да объективті көрсеткіштерді қамтыды. Жыл сайын рейтингте 1200-ден астам университет бағаланып, олардың үздік 500 іріктеледі.

Еуропа континентінде 1-орынды Швейцарияның Цюрих жоғары техникалық мектебі (19-орын) алды. 2-орынды Данияның Копенгаген университеті (31-орын) иеленді. Үздік үштікті Пьер және Мария Кюри атындағы француз университеті (39-орын) аяқтайды.

Қытай және Сингапур университеттері алғаш рет Топ-100 кірді. Цинхуа университеті (58-орын) Қытайдың үздік ЖОО атанды. Сингапур Ұлттық университеті 83-орынды иеленді.

Шанхай рейтингінде Ресейдің атынан осы жылы, өткен жылғыдай екі емес, үш университет шықты. Топ–500 Жаңасібір мемлекеттік университеті (рейтингтегі орны «401-500») кірді. Мәскеу мемлекеттік университеті (87-орын) және Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (рейтингтегі позициясы "301-400") өз позицияларын ұстап қалды. 

Әлем университеттері Шанхай академиялық рейтингінің Топ-10

Орын

ЖОО атауы

Мемлекет

  1.  

Гарвард университеті

АҚШ

  1.  

Стэнфорд университеті

АҚШ

  1.  

Берклидегі Калифорния университеті

АҚШ

  1.  

Кембридж университеті

Ұлыбритания

  1.  

Массачусетс технологиялық институты

АҚШ

  1.  

Принстон университеті

АҚШ

  1.  

Оксфорд университеті

Ұлыбритания

  1.  

Калифорния технологиялық институты

АҚШ

  1.  

Колумбия университеті

АҚШ

  1.  

Чикаго университеті

АҚШ