You are here

Әлемде БАОК пайдаланушылардың саны 58 млн. дейін жетті

Printer-friendly versionPDF version

Pie News, 04.01.2017

Кем дегенде бір бұқаралық ашық онлайн курсқа (БАОК) тіркелген пайдаланушылардың саны 2016ж. 58 млн. жетті. 2015ж. олардың саны 35 млн. аспады.

Пайдаланушылар санының өсімі тек дүниежүзілік танымал платформаларда ғана емес, ағылшын тілді емес мемлекеттердің БАОК өңірлік провайдерлерінің арасында да байқалады.

Miriada X латынамерикалық платформаның 2,7 млн. астам пайдаланушысы және 350 жуық курсы бар. Араб тілінде ашық онлайн курстарды ұсынатын Edraak сайтында шамамен 1млн. пайдаланушы тіркелді.

Сонымен қатар, мемлекет қаржыландыратын БАОК платформалары да ашылып жатыр – Үндістанда SWAYAM және Италияда EduOpen.

Анағұрлым ірі БАОК провайдері болып Coursera қалды, онда 23 млн. пайдаланушы тіркелді. Екінші орында 10 млн. пайдаланушымен edX тұр. Топ-5 кіретін анағұрлым танымал жалғыз ағылшын тілді емес платформа қытайлық XuetangX болды (6 млн.).

2016ж. 2,6 мың жаңа курс іске қосылды. Жалпы алғанда, 700 астам университет БАОК 6,8 мың әртүрлі курс ұсынды. Бизнес пен менеджмент саласындағы курстардың саны  2016ж. өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға артып, жалпы санынан 19,3% құрады. Екінші анағұрлым танымал топ компьютерлік ғылымдар мен бағдарламалау саласындағы БАОК болды (17,4%).

БАОК дамытудағы маңызды тренд ақылы курстар болды, олар белгілі бір салада мамандандырудан өту туралы сертификат алуға мүмкіндік береді.