You are here

Әлемді өзгертіп жатқан, 35 жасқа толмаған жас ғалымдардың тізімі жасалды

Printer-friendly versionPDF version

hightech.fm, 06.09.2017

MIT Technology Review журналы әлемді жақсы жаққа өзгертіп жатқан, 35 жасқа толмаған келешегі зор жас ғалымдардың және мамандардың тізімін ұсынды.

Абдигани Дирие (Abdigani Diriye), 33 жаста, Сомали, Сомалиде тұңғыш бизнес-инкубатордың негізін қалады. 2012ж. сомали техникалық мамандарды оқытуға және қолдауға арналған «Innovate Ventures» компаниясы негізін қалаушыларының біріне айналды. Сомалиде 15 адамға арналған бағдарламалау бойынша екі апталық лагерь компанияның алғашқы бағдарламасы болды. 2015ж. «Innovate Ventures» бірнеше перспективалы стартапты тапты және оларға арнап, маркетинг, бухгалтерлік есеп және өнеркәсіптік дизайн бойынша бірқатар тренингтерді өткізді. Осылайша, толыққанды инкубатор дүниеге келді. 

Виктор Адальштайнсон (Viktor Adalsteinsson), 29 жаста, АҚШ, қатерлі ісікті диагностикалауды және емдеуді жақсарту жұмысын жасап жатыр. Жас ғалым қатерлі ісігі бар ДНҚ іздері бар қан үлгілерін сканерлейтін автоматты жүйені әзірледі. 

Трейси Чоу (Tracy Chou), 29 жаста, АҚШ, әйелдердің техникалық саладағы жай-күйі мәселесін көтерді. Чоу Project Include - басшыларға өз компанияларында жыныстық саналуандық жөніндегі стратегияны іске асыруға көмектесетін ұйымның негізін қалады. 

Аманда Рейнделс (Amanda Randles), 34 жаста, АҚШ, бағдарламалық қамтамасыз етуді жасады, ол адам ағзасындағы қан айналымына еліктейді. Технология жүрек ауруылары бар жас нәрестелерді сканерлеуге және қатерлі ісіктің жасушалары денемен қалай қозғалатынын болжамдауға мүмкіндік береді.

MIT Technology Review атаған басқа жас ғалымдардың әзірлемелерімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://www.technologyreview.com/lists/innovators-under-35/2017/