You are here

Әлемнің үздік бизнес-мектептері рейтингісінің нәтижелері жарияланды

Printer-friendly versionPDF version

ft.com, 12.09.2016

Financial Times халықаралық іскерлік газеті FT Global Masters in Management 2016 әлемнің үздік бизнес-мектептерінің рейтингін жариялады. Рейтинг АҚШ бизнес-мектептерінен басқа әлемнің 90 бизнес-мектебін саралайды.

Рейтингте бірінші орында Санкт-Галлен университеті (Швейцария), екінші орында Париж технологиялық университеті, үшінші орында Францияның экономикалық және коммерциялық ғылымдардың жоғарғы мектебі тұр. Рейтингтің көшбасшылар үштігі 2013 жылдан беру сақталып келеді. Бұдан кейінгі орындарда еуропалық ЖОО тұр (1-кесте). 16-орынды Ахмедабадтағы Үнді менеджмент институты, 33-орынды Шанхай көлік (Цзяотун) университеті иеленді.

Financial Times газеті бизнес-мектептерден алынған деректер және түлектердің жасырын пікірлері негізінде білім беру бағдарламаларының талдауын жасайды. Рейтингтегі орынға халықаралық академиялық және мансаптық ұтқырлық дәрежесі, түлектер табыстарының орташа деңгейі, сонымен қатар  түлектердің оқуды аяқтағаннан соң үш жылдан кейінгі мансаптық өсуі мен беделі, доктор дәрежесі бар оқытушылардың пайызы ықпал етеді. Financial Times рейтингі бизнес-білім беру бағдарламалары сапасының халықаралық және жалпы қабылданған белгісі болып табылады.

Қазақстанның бизнес-мектептері рейтингке қатыспады. Санкт-Петербург мемлекеттік университеті әлемнің үздік бизнес-мектептерінің рейтингіне қатысқан Ресейдің жалғыз ЖОО болып қалды. СПбМУ «Master in Management» магистрлік бағдарламасы 39-орынды алды (2013ж. – 65-орын, 2014ж. – 56-орын, 2015ж. – 46-орын).

 FT Global Masters in Management Әлемнің үздік бизнес-мектептерінің рейтингі, 2016ж.

2016

2015

 

Бизнес-мектебі

 

Мемлекет

1

1

Санкт-Галлен Университеті

Швейцария

2

2

Париж технологиялық университеті

Франция

3

3

Экономикалық және коммерциялық ғылымдардың жоғарғы мектебі

Франция

4

7

 ESCP Europe Сауда жоғарғы мектебі

Франция, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия

5

5

Эразмус Университетінің Роттердам менеджмент мектебі

Нидерланды

6

6

Лондон бизнес-мектебі

Ұлыбритания

7

10

 IE бизнес-мектебі

Испания

8

13

Вена экономика және бизнес университеті

Австрия

9

8

 WHU Beisheim менеджмент мектебі

Германия

10

12

 ESADE бизнес-мектебі

Испания