You are here

Әлемнің үздік университеттері QS 2016/2017 рейтингісінің нәтижелері жарияланды

Printer-friendly versionPDF version

topuniversities.com, 06.09.2016

Массачусетс технологиялық институты бес жыл қатарынан QS рейтингінің көшбасшысы болды. Стэнфорд университеті 3-орыннан 2-орынға көтерілді, 3-орынға Гарвард университеті түсті. Рейтингке барлығы 916 ЖОО қатысты.

Анықтама үшін: Әлемнің үздік университеттерінің рейтингі (QS World University Rankings) — білім және ғылым саласындағы жетістіктері көрсеткіші бойынша әлемдік дәрежедегі үздік ЖОО жаһандық рейтингі.

Мемлекеттер арасында АҚШ жақсы нәтижеге қол жеткізді. QS 2016/2017 рейтингіне елдің 154 ЖОО кірді, солардың ішінде 32 – әлемнің үздік университеттерінің Топ-100 кірді. Рейтингке Ұлыбританияның 71 ЖОО қатысты, солардың ішінде 18 – Топ-100 кірді. ҚХР 33 ЖОО QS рейтингінің Топ 701+ кірді, солардың ішінде 4 – үздік жүздікке кірді. Ресейден рейтингке 22 ЖОО қатысты – 2015ж. салыстырғанда 1-ге артық. Ресей ЖОО арасында ең жоғарғы позицияны – 108-орынды М.В.Ломоносов атындағы ММУ алды.

Рейтингке 8 қазақстандық ЖОО кірді. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ рейтингтегі позициясын ұстап қалмады. Топ-400 еліміздің 2 ЖОО кірді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 275-орыннан 236-орынға, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 371-орыннан 345-орынға көтерілді.

QS ЖОО рейтингін құруда ЖОО-ның академиялық ортадағы беделі, профессорлар мен оқытушылар құрамының және студенттер санының арақатынасы, жұмысберушілер арасындағы беделі, дәйексөз келтіру, шетелдік оқытушылар мен студенттердің үлесі ескерілді.

1-кесте. QS 2016/2017 нұсқасы бойынша әлемнің үздік ЖОО туралы деректер

2016/2017

2015/2016

Оқу орнының атауы

Мемлекет

  1.  

1

Массачусетс технологиялық институты

АҚШ

2

3=

Стэнфорд университеті

АҚШ

  1.  

2

Гарвард университеті

АҚШ

  1.  

3=

Кембридж университеті

Ұлыбритания

  1.  

5

Калифорния технологиялық институты

АҚШ

  1.  

6

Оксфорд университеті

Ұлыбритания

  1.  

7

Лондон Университеттік колледжі

Ұлыбритания

  1.  

9

Швейцария Цюрих жоғары техникалық мектебі

Швейцария

  1.  

8

Лондон Империялық колледжі

Ұлыбритания

  1.  

10

Чикаго университеті

АҚШ

  1.  

275

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Қазақстан

  1.  

371

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Қазақстан

  1.  

551-600

Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ

Қазақстан

  1.  

601-650

Абай атындағы ҚазҰПУ

Қазақстан

  1.  

701+

М.Ауезов атындағы ОҚМУ

Қазақстан

  1.  

701+

ҚБТУ

Қазақстан

  1.  

701+

Е.Букетов атындағы ҚарМУ

Қазақстан

  1.  

701+

ҚазХҚжХТУ

Қазақстан

Дереккөз: http://www.topuniversities.com/