You are here
Әлеуметтік зерттеулер орталығы Ресейдегі шетелдік студенттер туралы зерттеудің нәтижелерін ұсынды


РФ Білім және ғылым министрлігі Әлеуметтік зерттеулер орталығы әзірлеген шетелдік студенттер туралы зерттеудің нәтижелерін ұсынды. Орталықтың деректері бойынша, ресейлік ЖОО-ларда бәрінен көп Қазақстаннан, Украинадан және Қытайдан келген студенттер білім алады.
2015-2016 академиялық жылы ресейлік ЖОО-ларда Қазақстаннан 73,4 мың студент (+4%), Украинадан 23,2 мың студент (+14%) Және Қытайдан 22,5 мың студент (+10%) білім алды.
Жалпы алғанда, Ресейде шетелдік студенттердің саны, өткен академиялық жылмен салыстырғанда, 4,7%-ға артты. Бүгін Ресейде 296,1 мың шетелдік студент білім алады. Білім және ғылым министрлігінің болжамы бойынша 2016-2017 оқу жылында бұл сан қайта артады.
Ресей Халықтар Достастығы университетіне бәрінен көп шетелдік студенттер түседі (8 246 адам). Сонымен бірге, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Петр Великийдің Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университеті, Қазан және Қрым федералдық университеттері, М.В. Ломоносов атындағы ММУ де танымал болды.