You are here

Литва білім беру жүйесін реформалап жатыр

Printer-friendly versionPDF version

REGNUM, 07.03.2017 

Білім және ғылым министрі Юргиту Петраускене Литваның барлық білім беру жүйесін кең ауқымды реформалау туралы айтып берді. 

Петраускене бес бағытты айқындады, реформалау кезінде оларға ерекше назар аударылатын болады. Солардың бірі мұғалімдерді даярлаумен байланысты. Министрдің айтуынша, мықты мектепті мықты мұғалімсіз елестету мүмкін емес. Осыған байланысты мұғалімдерді дайярлау жүйесі мен біліктілікті арттыру жүйесін қайта құру міндеттердің бірі болып табылады.

Ол жұмыстың маңызды бағыттарының бірі ретінде өңірлер мен ірі қалалар арасындағы айырмашылықты қысқартуды атады. Оның айтуынша, шағын қалалар мен ауылдарда білім алатын балалардың нәтижелері ірі қалалардағы мектептердің көрсеткіштерінен ерекшеленеді. 

Ол сонымен бірге оқу бағдарламаларының мазмұны тақырыбын да қозғады. Олардың сапасын арттыру оқушылардың мектепте заманауи міндеттерге сәйкес келетін білім алуына кепілдік беруге көмектеседі. 

Сонымен қатар, жоғары білімнің сапасын арттыру да жоспарланды, министрдің айтуынша, ол жоғары оқу орындарын қаржыландыру студенттердің санына тәуелді болуынан зардап шегеді, сондықтан олар студенттердің анағұрлым көп санын қабылдауға тырысады. Министрдің пікірінше, жоғары білім беру жүйесіне сәтті қызмет жасауға мамандардың төмен жалақысы да кедергі келтіреді. Зерттеушінің орташа жалақысы — €435 (146,6 мың.теңге).

Петраускене Литвада оқу жылын ұзарту қажеттілігін де атады. Қазіргі уақытта ол Еуропада қысқа оқу жылдарының бірі болып табылады — ол тек Португалия, Түркия мен Грецияда ғана анағұрлым қысқа. Бұл оқушының үлгеріміне тікелей әсер етеді, бұны зерттеулер дәлелдейді, өйткені оқу жылын қысқарту жүктеменің артуын білдіреді. Қазір оқу жылын қанша күнге ұзарту туралы пікірталас жүріп жатыр, соңғы шешім жоқ, бірақ бұл 10-15 күн болуы мүмкін.

Білім беру реформасы туралы айтатын болсақ, министр "революция жасау және ұлттық велосипед ойлап шығару өте қауіпті" екенін айтты. Оның айтуынша, бұны басқа елдердің тәжірибесіне қарап, базалық, қолданыстағы мақсаттарды сақтай отырып жасау керек.