You are here

Литвада білім беру жүйесінінің реформасы жөніндегі жоспар ұсынылды

Printer-friendly versionPDF version

REGNUM, 06.10.2016

Келесі төрт жылда Литваның білім беру жүйесінің реформасы жүзеге асырылады.

Біріншіден, мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесі  кезең-кезеңімен біліктілікті арттырудың жалғастырмалы бағдарламасына ауысады. Мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан бірнеше айда өте алады немесе курсты бір академиялық жылдың ішінде тыңдап өте алады. Алайда, мұғалім бір оқу жылының ішінде кем дегенде 40 сағат жинау керек. 

Ауылдарда жұмыс істейтін мұғалімдерге қолдау көрсету бағдарламалары да әзірленеді, мысалы, жұмысқа күнде баратын мұғалімдердің жолақысын өтеледі.

Осының бәрі Мұғалім мамандығының беделін жоғарылатуға арналған бағдарламаның жаңа жобасында қарастырылған, оны Білім және ғылым министрлігі әзірледі. Бағдарлама 2017-2022 жылдары жүзеге асырылады.

Жобада оқытудың педагогикалық бағдарламаларына қабілетті және ынталандырылған үміткерлерді іріктеу, оқыту сапасы, біліктілікті жалғастырмалы арттыру, материалдық әл-ауқатты жақсарту, жұмыс ортасын және еңбек жағдайларын нығайту қарастырылған.

Университеттерде педагогикалық бағдарламаларды оқудың бірінші жылынан-ақ мектептерде тәжірибеден өтумен толықтыру жоспарланды. Осылайша, педагогикалық факультеттердің студенттері олардың мұғалімдік қызметке қаншалықты дайын/ынталы екенін түсіне алады. Мектепте жұмыс істеу олар үшін емес деп шешкендер оқуын тоқтатып, басқа бағытты таңдай алады.

Ең талантты жастарды тартуға көмектесетін, студенттерді педагогикалық мамандықтарға іріктеудің анағұрлым сенімді тәсілін табу да жоспарланды.

Бұдан басқа зейнетке ертерек шығуға бел буған мұғалімдерге арналған өтемақы механизмдерін жасау жоспарланды.

Мұғалім мамандығының беделін арттыру бағдарламасы 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттің бюджетік қаражаты және ЕО қаржылай көмегі  және жалпы қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады.