You are here

Литвада мектептегі түскі ас реформасы жоспарланып жатыр

Printer-friendly versionPDF version

Sputnik, 02.08.2017

Литваның Денсаулық сақтау министрлігі оқушыларды тамақтандырудың жаңа моделін енгізу туралы мәлімдеді. Литва мектептерінде түскі ас үзіліс уақытын бір сағатқа дейін арттыру ұсынылды. Асханаларда қызмет көрсету сапасын арттыруға және демалысқа көбірек уақыт беріледі.

Сондай-ақ, мектептер порциялық тамақтанудан бас тартады. Бекітілген порциялар калориялардың тәуліктік нормасының және пайдалы заттардың сіңуіне ықпал етпейді, өйткені балалар түскі астарын жеп тауыспайды. Оның орнына асханаларда шведтік үстел пайда болады, бұнда балалар түскі астарын тандай алады. Сонымен қатар, балалар бұрынғыдай үйден тамақтарын да әкелуді жалғастыра алады.

Мектептердегі тамақтану реформасы литвалық білім беруде жоспарланып жатқан өзгерістердің негізгі бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, Білім министрлігі оқу жылының ұзақтығын 10-15 күнге ұзартуды жоспарлап отыр. Бұл үшін оқу жылы ертерек басталып, кешірек аяқталады. Осындай өзгеріс Литвада оқу жылы Еуропа бойынша орташа көрсеткіштен анағұрлым қысқа болуымен түсіндіріледі. Министрлік оқу жоспарын, оқу-әдістемелік материалдарды қайта қарастырады және мұғалімдердің даярлығын жақсартады.