You are here

Ливанов екі жоғары оқу орынның ректорларын немқұрайлылығы үшін жұмыстан босатты

Printer-friendly versionPDF version

lenta.ru, 26.05.2016

Ресей Білім және ғылым министрлігінің басшысы Дмитрий Ливанов ЖОО-ның екі ректорын жұмыстан босатты. И.И.Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінің ректоры және Сахалин мемлекеттік университетінің ректоры лауазымдарынан айрылды. 

Оқытушылардың жалақысын өсіру қарқыны мен мемлекеттік аккредитациядан уақытылы өтпеу ректорларды жұмыстан шығудың себебі болды. 

ЖОО-дың мемлекеттік аккредитациядан өту - ректордың жеке жауапкершілігіне жататын мәселе деп атап өтті Ливанов. Оның пікірінше, заңнаманың орындалуын қамтамасыз ете алмайтын басшы бұл лауазымға сай келмейді.