You are here

Люксембургте ЭЫДҰ желісінің мектепке дейінгі білім жөніндегі 19 Съезі өтті

Printer-friendly versionPDF version

Институт образования ВШЭ, 22.06.2016

Люксембургте ЭЫДҰ желісінің мектепке дейінгі білім жөніндегі 19 Съезі өтті. Съезде саяси мәселелерді белгілеу, тәуекел мен қолайлы факторлардың арасындағы байланысын анықтау, бала еңбегінің ең нашар түрімен күресу, қоғамның әл-ауқаты туралы жариялымдар жасау, отбасы туралы мәліметтерді қамтитын бала әл-ауқатының моделін құру, балалардың өмірін жақсарту үшін отбасының жағдайын жақсарту сияқты ЭЫДҰ-ның ерте жастан білім беру саясатын құрудың негізгі принциптері анықталды. Бірқатар елдердің мектепке дейінгі білім жүйесіндегі негізгі мәселесі - біліктілігі жоғары мамандардың жетіспеушілігі және топтардың толымдылығы. 

Съез жұмысында мектепке дейінгі білім сапасының маңызды көрсеткіші ретінде инклюзияны есепке алу және қолдауға баса назар аударылды. Балалардың басты құзыреттерін топпен талқылау коммуникативтік құзыреттер мен оқу қабілеті әмбебап болып табылатынын, оқытуды баланың қызығушылығы мен бейімдігі негізінде бағыттау керектігін көрсетті.