You are here

Малайзия Майкрософтпен бірлесіп оқушылардың АКТ дағдыларын дамытатын бағдарламаны енгізіп жатыр

Printer-friendly versionPDF version

thestar.com, 27.11.2016

Малайзия Білім министрлігі мен Малайзияның Майкрософт компаниясы мектеп оқушыларының АКТ дағдыларына оқыту мақсатында меморандумға қол қойды. 

Ынтымақтастық Blueprint  2013-2025 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасының ел халқының АКТ сауаттылығын арттыру туралы 7-қадамы шеңберінде жасалды.

Қадамның мақсаты – АКТ-ны оқу процесіне енгізу және оқушыларды ХХІ-ғасырдың мектеп дағдыларына оқыту. Мұғалімдер арнайы жасалған онлайн платформаның арқасында идеялармен және жеке тәжірибесімен алмаса алады. 

«Microsoft Showcase Schools Programme» бағдарламасына қатысу үшін министрлік жақсы көрсеткіштері бар мектептерді де, ауылдық мектептерді де іріктейді.

Мұғалімдерді сандық технологияларды қолдануға ынталандыру үшін Майкрософт компаниясы жыл сайын 100 мұғалімді инновациялық жасампаз ретінде іріктейтін болады.