You are here

Мансап таңдау жөніндегі кеңестер оқушыларға бастауыш мектептің өзінде-ақ керек

Printer-friendly versionPDF version
Evening Standard, 27.02.2017

Джоанна МакКартни, Лондон мэрінің білім беру мәселелері жөніндегі орынбасары, бастауыш мектеп оқушыларына кәсіптік кеңес беру керек туралы мәлімдеді. Бұл математика мен жаратылыстану ғылымдарын бейінді пәндер ретінде тандайтын қыздардың үлесі төмендеуінің алдын алуға көмектеседі.

МакКартни айтуынша, қыздардың басым бөлігі бейінді пәндерді 7-8 жасында-ақ тандайды. Сондықтан жаратылыстану-математикалық пәндердің қыздар арасында "санасыз шеттетілуінің" алдын алу үшін мұғалімдерге дайындықтан өту керек.

Лондон мэрінің өткен аптада жарияланған білім туралы жылдық баяндамасы қыздар ұлдарды әрбір STEM-пәні бойынша озатынын анықтады, алайда ұлдар оларды А-деңгейінің (A Level) емтихандары үшін 40%-ға артық тандайды екен.

Мэрия қазірдің өзінде-ақ мектептерді, колледждерді және жұмысберушілерді қамтитын 12 пилоттық кластерді құрай отырып, оқушыларға кәсіптік кеңес беруді жетілдіру жөнінде кампанияны бастады.