You are here

Массачусетстегі мектеп оқытуды дербестендіруді сынақтан өткізуге кірісті

Printer-friendly versionPDF version

hightech.fm, 18.01.2017

Массачусетс мектебінде дербестендірілген оқыту бойынша эксперимент басталды. Дербестендірілген оқытудың негізінде жасанды интеллект жатыр, ол оқушылардың эмоцияларын талдайды және оларды қызықтыру үшін оқу бағдарламаларының мазмұнын бейімдейді. Жасанды интеллект Third Space Learning платформасында өткізілген сабақтардан қорытындылар жасайды және мұғалімдерге оқыту әдістемесін жетілдіру жөнінде кеңестер береді.

АҚШ-та дербестендірілген оқытудың көшбасшысы - Калифорниядағы Summit мемлекеттік мектептері. Summit мектептерінің дербестендірілген оқытудың платформасы бар, бұнда 6-сыныптан 12 сыныпқа дейін оқу жоспарлары, соның ішінде онлайн-оқытуға арналған ресурстар, тесттер және т.б. қамтылған. Мүдделі мектептер Summit Basecamp қатысуға өтінім бере алады, ол мұғалімдер мен әкімшілікке арналған қарқынды апталық жазғы дайындықты қамтиды. Мектептен кейін дербестендірілген оқытуды енгізу процесінде және оқу жылы бойы платформаны қолжетімді етуде қолдау алады.