You are here

Математикаға оқытудың азиялық әдістемесі Ұлыбританияда балалардың ынтасын арттырады

Printer-friendly versionPDF version

Tes, 17.07.2017

«Tes» сандық білім беру ұйымы британдық мұғалімдердің арасында сауалнама өткізді. Сауалнама Mathematics Mastery (Математикадағы мінсіздік) әдістемесіне сәйкес математикадан сабақ берген мұғалімдерге бағытталды. 

Осы әдістеме PISA рейтингінің көшбасшылары - Сингапурда және Шанхайда кең таралған. Математикадағы мінсіздік шеңберінде барлық балалар әрбір тақырыпты бір уақытта оны барлығы меңгермегенше өтеді. Пәнді тереңдетіп оқыту басты мақсат болып табылады. Осылайша, мұғалімдер оқушыларды олар математиканы сәтті меңгеруге қабілетті екеніне нандырады.

Британдық үкімет әдістемені елдің бастауыш мектептерінде енгізу үшін £41 млн бөледі. Бастама жетістікке жетті: осылайша, мұғалімдердің 60%-ы Математикадағы мінсіздік балалардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратынына сенеді. Мұғалімдердің жартысына жуығы өз оқушыларының ілгерілісін байқады. Мұғалімдердің 80%-ы математикаға оқытудың осындай тәсілінің арқасында, өз дағдыларына сенімдірек.

Әдістемені енгізу бойынша бағдарламаның атқарушы директоры Хэлен Дрюри (Helen Drury) бағдарламаның Ұлыбританияның білім беру мәдениеті үшін өзектілігін атады. Британдық мектептерде тестке және емтиханға дайындалуға ерекше назар аударылады. Математикадағы мінсіздік болса пәнді тереңдетіп оқытуға екпін қояды.

Бұл кезекте, Британдық мұғалімдер азиялық модельді бейімдеу қажеттілігін атайды. Мысалы, британдық мұғалімдер бастауыш мектепте бірнеше пәннен сабақ береді, ал Сингапур мен Шанхайда тек математикадан ғана сабақ жүргізеді.