You are here

Математикалық дағдыларды ерте дамыту балаларға мектепте көмектеседі

Printer-friendly versionPDF version

Planet Today, 12.12.2016

Математиканың базалық негіздерін меңгерген, мектепке дейінгі жастағы балалардың анағұрлым күрделі математикалық білімді меңгеру қажеттілігі туындағанда, мысалы мектепте айтарлықтай артықшылықтары болады.

Вандербильдт университетінің (АҚШ) ғалымдары 500 баланың қатысуымен эксперимент жасады. Зерттеу уақытқа созылды — балаларды 4-5 жаста, содан соң 10-11 жаста және тағы бір рет жоғары сыныптарда тестіледі. Нәтижелерге сәйкес 4-5 жасында үздік математикалық нәтижелерді көсеткен балалар, содан соң, қалғандарына қарағанда, анағұрлым жақсы және анағұрлым терең математикалық білімді көрсетті.

Ғылыми жұмыстың авторлары мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың қолданыстағы тәжірибесі жаңа зерттеулерді ескерумен түрлендірілуі керек екеніне сенімді.