You are here

Майкрософт «Minecraft Education Edition» оқытатын ойынды енгізуде

Printer-friendly versionPDF version

Education, 25.01.2016

Майкрософт компаниясы 2014ж.  MinecraftEdu әйгілі ойынын сатып алды, енді оны оқыту ойыны қылып қайта жаңғыртуды жоспарлап жатыр

Майкрософт өзінің сатып алғанын меншік «Minecraft Education Edition» құрастыру үшін қолдануды көздеп отыр. Құрал 2016ж. жазда ақысыз тесттік режимде қолжетімді болады.  

Оқытатын ойын білім беру мақсатында арнайы жасалатын болады. MinecraftEdu бастауыш сынып оқушыларының компьютерлік дағдыларын дамыту үшін қолданылды. Ал жай түсініктерден өнерге дейінгі оқыту кітапханасы орта сынып оқушыларына бағытталған болатын.  

Сабақта мұғалімдер Minecraft тиімді пайдалану үшін қосымша өзгерістер енгізу жұмысы жүргізіліп келеді. Мұғалімдер өздерінің ойын сабақтарын жариялай алатын веб-сайт іске қосылады. Сонымен қатар, оқыту ойынында бірқатар семинарлар-практикумдер мен курстар ұсынылады.

Майкрософт Корпорациясы оқу мекемелерінің пайдаланушыларынан жыл сайынғы $5 лицензиялық жинақ алады.  40 мемлекеттің 7000 сыныбы өз оқу бағдарламаларында Minecraft-ты қолданып жатыр.  Майкрософт пайдаланушылар санын «Minecraft Education Edition» көмегімен кеңейтуді жоспарлап отыр.