You are here

Мәдени тәжірибе – тинейджерлердің арасында халықаралық алмасу бағдарламаларына деген қызығушылықтың негізгі факторы

Printer-friendly versionPDF version

Pie News, 13.02.2017

Басқа мәдениетті анағұрлым жақсы тану ниеті – жоғарғы сынып оқушыларының шетелде білім алу мүмкіндігін қарастырудың негізгі себебі. Бұндай қорытындыға AFS мәдени алмасудың халықаралық жастар ұйымының өкілдері "Z ұрпағы: халықаралық білім беру бағдарламаларына деген қарым-қатынас" атты баяндамада келді.

Деректер 2016ж. наурыз және желтоқсан аралығында 27 мемлекеттің 13-тен 18 жасқа дейінгі 5 255 жоғарғы сынып оқушысының сауалнамасына негізделген.

Респонденттердің үштен екі бөлігі үшін (67%) шетелде білім алғанда, академиялық құрамдас бөлікке қарағанда, мәдени тәжірибе анағұрлым маңызды. 

AFS Президенті мен бас директоры Даниэль Обст (Daniel Obst) бұны Z ұрпақтың  басқа мемлекеттерге жай саяхаттаумен ғана шектелмеуімен байланыстырады. Олар басқа мәдениеттердің ерекшеліктері туралы жергілікті халықтың көзімен білгісі келеді.

Мәдени тәжірибе Еуропа (75%) және Солтүстік Америка (72%) оқушылары үшін анағұрлым маңызды.

Халықаралық тәжірибе алуда ең танымал болып ағылшын тілді мемлекеттер - АҚШ, Ұлыбритания және Австралия табылады, оларды респонденттердің 77%-ы тандады. Сонымен қатар Батыс Еуропа мемлекеттері де – Германия, Франция, Италия (65%) қызығушылық танытады, Бразилия және Қытай (38%) аса тартымды емес.

Қауіпсіздік мәселелері респонденттердің 52% мазалайтын негізгі факторлар болып табылады.

Респонденттің бірде-біреуінің халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысу тәжірибесі болмаса да, 60% болашақта қатысу мүмкіндігін қарастырғандарын айтты.

1-сурет. Жоғарғы сынып оқушыларының арасында халықаралық алмасу бағдарламалары шеңберінде білім алу үшін анағұрлым тартымды мемлекеттер