You are here

ҚР жалпы білім беретін мектептерінде үй тапсырмасын орындау және ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдамалар

Printer-friendly versionPDF version

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен республиканың жалпы  білім беретін  мектептеріндегі үй тапсырмасын орындау және ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдамалардың 2 жобасы көпшіліктің талқысына ұсынылды.

2-11 сыныптың білім алушыларына берілетін  үй тапсырмасының көлемін қысқарту  мәселесі бойынша  жобаларды әзірлеу үшін екі жұмыс тобы қатар жұмыс жасады. Жобалар мектепке қалың жұртшылықтың таңдауы бойынша енгізіледі.

Жобаны талқылауға тәжірибеші мұғалімдер, білім беру ұйымдарының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ата-аналар шақырылады.

Талқылау осы жылғы наурыз айының 15-іне дейін ұзартылады. Өз ұсыныстарыңызды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (www.nao.kz) және "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ (www.iac.kz) сайттарына жолдауларыңызды сұраймыз.