You are here

Мексикада мұғалімдердің білім беру реформасына қарсы наразылығы жалғасуда

Printer-friendly versionPDF version

Mexico News Daily, 13.06.2016

Мексика билігі мұғалімдердің үкіметік білім беру реформасына қарсы наразылығын күшпен басуға мәжбүр. Реформа оқытушыларды лауазымға конкурстық негізде жұмысқа алуды және жұмыс орнын сақтап қалу үшін оқытушылар жұмысының тиімділігін міндетті бағалауын  қарастырады.  

Мұғалімдер олардың арасындағы бәсекелестікті арттыратын және жаппай жұмыстан шығуға әрі еңбек жүктемелілігінің артуына әкеліп соқтыратын жұмыстың тиімділігін тексерудің енгізілуіне наразылық білдіруде. Жаңа стандарттарға сәйкес келу үшін елдің оңтүстігіндегі кедей аумақтардағы мұғалімдерінің қаржы ресурстары жеткіліксіз.

Дегенмен, билік білім сапасын жоғарылату үшін реформаның орындалуын талап етеді. Бұдан бұрын Білім министрі Аурельо Нуньо наразылық шараларына қатысқан 4,3 мыңнан астам мұғалімді, егер олар жұмыс орындарына қайтпаса, жұмыстан босатамын деп уәде еткен.   

Анықтама үшін: Білім реформасын Мексика президенті Энрике Пенья 2013ж. жариялады және бірден көп наразылық тудырды. 2015ж. қазанда наразылық білдіру шараларының себебінен Мичоакан штатының өзінде-ақ 1 млн.нан астам оқушы бірден сабақсыз қалды.