You are here

Мектепке дейінгі онлайн бағдарламаны әзірлеу жөніндегі аустралиялық старт-ап $4 млн. алды

Printer-friendly versionPDF version

The Canberra Times, 09.01.2017

Аустралиялық старт-ап білім беру мақсаттарында пайдалану үшін мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған жаңа онлайн платформаны әзірледі. Preschool Play («Мектепке дейінгі ойын») — бұл мектеп жасына дейінгі балалар мен мұғалімдерге арнайы әзірленген онлайн платформа. Бұл бағдарлама балаларды әндер мен билер арқылы оқытуға бағытталған.

Бұл бағдарламаны Skoolbo атты оқу мен математикаға оқытуға арналған онлайн бағдарламаны жасаған топ соңғы 12 ай бойы әзірледі. Қазіргі уақытта Skoolbo дүниежүзі бойынша 50 мың сыныпта пайдаланылады. Preschool Play әзірлеу үшін білім беру мақсаттарында 1000 астам өлең жазылған және түсірілген.

Шағын төлемге дүниежүзінің мектепке дейінгі білім беру саласының мұғалімдері Preschool Play-дан эпизодтарды жүктей алады және оларды өз сабақтарында пайдалана алады. $4 млн. қаржыландыру бағдарламаны халықаралық дәрежеде а.ж. ақпан айында іске қосуға мүмкіндік береді.