You are here

Мектептегі оқу қоғамдық қызмет ретінде

Printer-friendly versionPDF version

Education Today, 19.04.2017

Шынымен, 15 жасар мектеп оқушыларына не керек және мектеп олардың жеке өсуі үшін не бере алады? PISA-2015 нәтижелерінің үшінші томы білім беру оларға тек білім және когнитивтік дағдылармен қатар, әлеуметтік және эмоционалды құзыреттерді де алу қаншалықты маңызды екенін  көрсетеді.

Бақытты мектептер – бұл балалар өздеріне қойылған тапсырмасы бар, осы кезекте оларды шешуге құзырлы екенін сезінетін, олар талмай еңбек ететін, ол оларға ұнайтын жерлер және уәжді әлеуметтік қатынастар бар және академиялық жетістіктер мақсат емес, өнім болып табылатын жерлер.

PISA соңғы есебінің деректері баршаға мәлім, алайда аса мән берілмейтін ақиқатты растайды: мұғалім оқушылармен қолайлы қарым-қатынас орнатқанда анағұрлым тиімді болады.

Сонымен қатар, PISA деректері оқушылардың мектеп тапсырмалары және тесттермен байланысты аландаушылығы барлық елдерде үлкен мәселе болып табылатынын және осы мазасыздық оқушылардың жетістігі мен өмір сапасын қабылдауына кері ықпалын тигізетінін көрсетеді. Орташа есеппен, ЭЫДҰ елдері бойынша қыз балалардың 64%-ына және ұл балалардың 47%-ына жуығы тестке жақсы дайындалып келсе де, мазасыз күйде болатынын айтты.

Қиналған кезде мұғалім жеке көмек  көрсететінің сезетін оқушылар күйзеліс пен мазасыздықты сезінетіні туралы анағұрлым аз мүмкіндікпен жауап береді. Мұғалімі қабілеті анағұрлым төмен деп санайтын оқушылар оқу барысында қатты күйзеліске ұшырайтыны туралы 60%-ға жиі жауап береді.

Осы деректер мұғалімдер өз жұмысын нашар орындайды дегенді білдірмейді. Олар баланың жалпы дамуын мақсат етіп дәріс беру өте қиын міндет екенін растайды. Ол үшін мектептің мақсаттары мен оларға жету жолы барлығына – персоналға, ата-аналар мен оқушыларға нақты түсінікті болуы тиіс. Сондай-ақ, білім беру саласындағы саясат мектептердің оқытудың қолайлы ортасын құру бойынша әрекеттерін барынша тануы және қолдауы талап етіледі.

Ата-аналармен оң арақатынас – жасөспірімдерге күйзеліс өмірлік мән-жайлармен күресіп, табысты болуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қолдаудың басқа түрі. PISA-2015 деректері барлық елдердегі оқушылардың көпшілігі оларда мектепте қиындықтар болғанда ата-аналарына сүйене алатынын көрсетеді. Бірақ ондай қолдауға ие болмаған немесе ата-анасымен әңгіме үстінде уақыт өткізбейтін оқушылар өздерін мектептен оқшауланған және шеттетілген болып сезінетіні әбден ықтимал.

Ата-аналар мұғалім тұлғасында өз балаларын оқытуда маңызды серіктес табуы мүмкін. Мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы тығыз қарым-қатынастың балалар мен жасөспірімдерді қолдау үшін маңызы зор. Табысты ынтымақтастық үшін мектептерге барлық ата-аналарды, әсіресе әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмендерді мектеп өміріне тарту жолдарын табу қажет.

Бірлесе жұмыс істейтін ұстаздар, мектептердің әкімшілігі және ата-аналар оқушылар үшін ең қауіпті қатердің – кемсітушіліктің жиілігі мен салдарын да төмендетуі мүмкін. ЭЫДҰ елдері бойынша орташа есеппен оқушылардың 11% жуығы оларды келемеждегенін (кем дегенде айына бірнеше рет), 8% олар мектепте жиі келеңсіз қауесетке ұшырайтынын айтты. Оқушылардың шамамен 4% оларды айына, кем дегенде, бірнеше рет соққыға жығатынын жеткізді (бұл пайыз әртүрлі елдерде 1% және 9,5% аралығында).

PISA мектептер, мұғалімдер мен ата-аналар мектептегі өмір сапасын жақсарту үшін не істеу керектігіне қарапайым жауаптар бермейді. Есеп бүкіл әлемде 15 жасар оқушылар қалай өмір сүретінін көрсетеді. Оқушылар өз өмірін сипаттағанда  тіпті бір елдің ішінде де болатын үлкен айырмашылықтар әл-ауқат тек даралық пен мәдениет қана емес, сондай-ақ бірлескен әрекеттермен жақсартуға болатын мектеп ортасы екенін де білдіреді.