You are here

Мемлекеттердің инновациялылық деңгейінде айырмашылық артып жатыр

Printer-friendly versionPDF version

University World News, 03.08.2017

INSEAD халықаралық бизнес-мектебі Инновациялардың жаһандық индексі 2017 нәтижелерін жариялады.

Рейтинг көрсеткіштердің екі тобы негізінде құрылды: қолда бар ресурстар және инновацияларды дамытуға арналған шарттар (адами капитал және зерттеулер, инфрақұрылым, нарық, бизнестің даму деңгейі), сондай-ақ инновацияларды іске асырудың қол жеткізілген тәжірибелік нәтижелері (патенттер, зерттеушілік мақалалар және шығармашылық нәтижелер).

Инновациялардың жаһандық индексінің деректері кво-мәртебесін өзгерту қиын екенін кезекті рет дәлелдеді. Кіріс деңгейі анағұрлым жоғары еуропалық мемлекеттер  және АҚШ рейтингте көшбасшы орында болуды жалғастырып жатыр. Швейцария жетінші рет қатарынан бірінші орынға иеленді. Әлемнің жетекші 25 елінің ішінде Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және Гонконг азиялық елдердің атынан өкілдік етті.

Рейтинг халықаралық рейтингтерде көшбасшы орындарды алатын университеттер қамтитын инновациялық мүмкіндіктердің кең қоры, жаратылыстану-ғылыми және инженерлік бағыттар түлектерінің жоғары жетістіктері, жекеменшік сектордың және университеттердің зерттеулерді өткізу саласында мықты байланыстары, өнеркәсіппен біліммен бөлісуге қабілеті бар елдер анағұрлым жақсы нәтижелерге қол жеткізетінін көрсетті.   

Орташа кіріс деңгейімен мемлекеттерде жоғары позицияларда аз берілген. Жоғары және орта кіріс деңгейімен экономикалардың арасындағы айырмашылық инновациялық қызмет және перспектикалар тұрғысынан іс жүзінде кеңейіп жатыр. 

Алайда, кейбір мемлекеттер жақсы динамиканы көрсетіп жатыр. Атап айтқанда, бір жылда 3 орынға - 25-тен 22-ге ілгерілеген Қытай. Елде инновациялардың саны ғана емес, сапасының да артуы халықаралық рейтингтерде ЖОО-лар позицияларының жақсаруынан, анағұрлым сапалы жариялымдардан және патенттердің анағұрлым жоғары көрсеткіштерінен көрініс табады. Сонымен қатар, рейтингте 60-орынға ие болған Үндістанның инновациялық қызметі оның жан басына шаққандағы ЖІӨ-нен анағұрлым жоғары.

Малайзия, Таиланд, Вьетнам мен Филиппиннің де перспективалары жақсы. Барлық осы елдер бірнеше маңызды сипаттарға ие.

Біріншіден, осы елдердің инновациялар тиімділігінің рейтингі олардың жалпы рейтингінен әдетте анағұрлым жоғары. Бұл олар әлеуметтік және коммерциялық пайдаға қол жеткізу үшін білім және зерттеулер сияқты қолда бар ресурстарды пайдаланудың зор қабілетіне ие екенін білдіреді.

Екіншіден, болашақ индустриясын дамыту үшін жаратылыстану-ғылыми және техникалық пәндер түлектерінің саны. Осы критерий бойынша мемлекеттердің рейтингі әдетте олардың жалпы рейитингінен артық болады. Атап айтқанда, Малайзия әлемде жаратылыстану және техника саласындағы түлектердің саны бойынша жетінші орынды алады.

Үшіншіден, осы экономикалар индустрияны университеттермен бірлескен зерттеулерге сәтті тартады және бизнес зерттеулердің нәтижелерін белсенді қолданады (Филиппиндер әлемде осы критерийлер бойынша 8-орынды алады).

Төртіншіден, олар шығармашылық тауарларды экспорттауда жоғары өнімділікті көрсетеді (сауданың жалпы көлемінен үлесі). Мысалы, Малайзия осы критерий бойынша әлемде 2-орынды алады, Таиланд - 5-ші, Вьетнам - 7-ші. Осы экономикалар жергілікті деңгейде артықшылықтарға сүйеніп, оларды бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін пайдалана отырып, инновациялардың мәдениет пен дәстүрлермен сәтті байланыстыратынын білдіреді. 

Қазақстан рейтингте 78-орынды алады. ТМД елдерінің ішінде жақсы позицияны Ресей алады (45-орын). Есептің толық нұсқасымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://www.globalinnovationindex.org/ 2016ж. рейтингтің нәтижелері туралы №82 Дайджесттен оқыңыз.

Инновацтялардың жаһандық индексінің Топ-10 мемлекеті

2017 ж. орын

Мемлекет

2017ж. орын

Мемлекет

  1.  

Швейцария

  1.  

Германия

  1.  

Швеция

  1.  

Ирландия

  1.  

Нидерланды

  1.  

Қытай

  1.  

АҚШ

  1.  

Ресей

  1.  

Ұлыбритания

  1.  

Украина

  1.  

Дания

  1.  

Қазақстан

  1.  

Сингапур

  1.  

Гвинея

  1.  

Финляндия

  1.  

Йемен