You are here

Microsoft көзі көрмейтін балаларды бағдарламалауға үйретуге арналған ойыншықтарды ұсынды

Printer-friendly versionPDF version

TheRunet, 17.03.2017

Microsoft өкілдері Project Torino жүйесін құрды, ол көзі көрмейтін балаларды бағдарламалауға үйретуге көмектеседі. Project Torino бір команда болатын түрлі-түсті бөліктерді қоса отырып, бағдарлама жазуға мүмкіндік береді. "Бағдарламалаудың физикалық тілі" деген атау нысандары әртүрлі ойыншықтардың жиынтығы болып табылады. Бөліктерді қоса отырып, балалар бағдарлама жазуға үйренеді. Олар әңгіме, өлең және ән жаза алады.

Жүйе 7-ден 11 жасқа дейінгі балаларға арналған. Оның көмегімен балалар бағдарламалаушылар қалай жұмыс істейтінін түсіне алады, ал сабақты оларға тіпті арнайы білімі мұғалімдер де бере алады. Арнайы қосымшаның көмегімен балалар жасаған код мәтінге айналады. Содан кейін жобамен жұмыс жасауды жалғастыруға болады.

Бағдарламалау дағдылары сәтті мансап үшін аса қажетті. Келешекте Microsoft өкілдері дислексия мен аутизммен ауыратын балаларды да бағдарламалауға оқытқысы келеді.