You are here

MIT магистратурасына бакалаврдң дипломысыз және мектеп аттестатысыз қабылдайды

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme, 19.07.2017

Массачусетс технологиялық институтынды студенттерді қабылдаудың жаңа саясатын тестілеп жатыр.

Осы уақытқа дейін МIT студенттері стандартты емтихандардың нәтижелері, ұсыныс хаттар және бағалар бойынша қабылданатын. Енді бакалаврдың дипломы және тіпті мектеп аттестаты да керек емес. Талапкерлерге бес онлайн курстан өтіп, емтиханды жақсы тапсырса болғаны. Нәтижелер негізінде олар магистратураға да қабылдануы мүмкін.

Болашақ магистрлерге кампуста 6 ай өткізу, өзінің жобасын әзірлеу және диссертацияны қорғау керек. Студенттердің бірінші партиясы MIT-ке 2020ж. келеді. Қазір университеттің басшылығы оқуақысы мәселесін шешіп жатыр (не болса да, оқуақысы студенттердің төлеу қабілетіне қатысты ерекшеленетін болады).

Магистратура бай емес отбасылардан шыққан студенттерге әлемнің үздік ЖОО-ларына қолжетімділігін ашатын The Poverty Action Lab жобасының бір бөлігі болып табылады. Бүгін MIT-та ойластырылған осы жоба дүниежүзі бойынша 800 университеттік бағдарламаны қамтиды. 182 елден келген 8 мың адам студент атанды.